Мыңарал цемент зауыты жоғары сапалы өнім мен экологиялық қауіпсіздікке кепілдік береді - Қазақстандағы «Vicat Group» бас өкілі Гийо Жеральд

Қазақстандағы «Vicat Group» бас өкілі Гийо Жеральд мырзаға Қазақстан Республикасындағы құрылысты салу мерзімі мен нысанды пайдалануға беруге қатысты қолданатын қатаң нормативті база қатты әсер етті.
«Осыған дейін біз климаты жақсырақ елдермен жұмыс істегенбіз», - деп атап өтті ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында Африка құрлығында, АҚШ мен өзінің отаны Францияда цемент зауыттарын салып, оларды пайдалануға беріп жүрген Гийо Жеральд.
Қазақстандық цемент зауытының артықшылығын айта келе, Г.Жеральд зауыттың құрылысы қарқынды жүріп жатқан Астанамен тура жалғастыратын автомагистральде, қуатты шикізат базасына жақын орналасқандығын атап өтті.
Аймақтың экологиясы зиян шегіп қалмайды ма? деген сұраққа Г.Жеральд, «біз барлық талапқа, соның ішінде экологиялық талапқа сай зауыт салып жатырмыз», - деп жауап берді.
«Мыңарал зауыты Еуро-4 санатына жатады, яғни атмосферға қоқыс шығармайды», - дейді француздық директор.