Мысыр Парламенті елдегі төтенше жағдай режімінің ұзартылуын мақұлдады

АСТАНА. Мамырдың 12-сі. ҚазАқпарат - Мысыр Парламенті елдегі төтенше жағдай режімінің екі жылға ұзартылуын мақұлдады,
None
None

деп хабарлайды «Маяк» радиосы.

Бұған дейін Президент Мүбарак елде 30 жыл бойы жалғасып келе жатқан төтенше жағдай режімін, бірқатар шектеулермен, 2012 жылдың мамыр айының 31-іне дейін ұзартатын Жарлыққа қол қойған болатын.

Жарлықта атап көрсетілгендей, заң, лаңкестікке, экстремистік әрекеттерді қаржыландыру мен есірткінің заңсыз айналымына қарсы күресуге қатысты тараулардың ғана мерзімін ұзартып отыр.

Соңғы жаңалықтар