Мысыр Президенті Хосни Мубарак есінен тануда
![None None](/static/img/plug.webp)
Қазіргі уақытта ол өте ауыр халде есінен танып жатыр. Ақпарат жексенбі күні бірден Мысырдың және араб елдерінің бұқаралық ақпарат құралдарында пайда болды, деп жазады Вести. Ру.
"Аль-Масри аль-Яум" газетінің жазуынша, Мубарак есінен танып жатыр. Басылым оның айналасындағы өте сенімді дереккөзіне сілтеме жасап, оған өз үйінде әлсін-әлсін медициналық көмек көрсетілетінін, алайда оны ауруханаға емдеуге алып кету мәселесі әлі түпкілікті шешілмегенін хабарлайды.
Сонымен қатар Х. Мүбәрактың халыққа арнаған соңғы үндеуінің де кейбір жағдайлары нақтылануда. Онда Мубарак өзінің отставкаға кететінін жариялайды деп күтілген болатын. Алайда ол барлық өкілдіктерін өзінің жаңа орынбасары Омар Сүлейманға өткізіп беріп, билікті жаңа сайлау өткенше ұстап қалуға тырысты. Бұрынғы президенттің айналасындағы сенімді дереккөздердің айтуынша, басылымға жарияланған үндеуін жазу кезінде Мубарак қайта-қайта есін жоғалтып, оның сөзін баласы Гамал бірнеше рет көшіріп жазған көрінеді.