Мысыр президенті өкілеттігін ел премьеріне тапсырды
АСТАНА. Наурыздың 6-сы. ҚазАқпарат - Мысырдың мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдары сенбі күні ел президенті Хосни Мүбарактың өтіне операция жасалатынын хабарлады. Осыған байланысты президент өз өкілеттігін уақытша ел премьер-министріне тапсырды,
деп хабарлайды Би-Си-Си телекомпаниясы.
Бүгінде 81 жасқа келіп қалған Мүбарактың денсаулығы баспасөз бетінде оқтын-оқтын сөз болып тұрады. Ол өмірінің 30 жылын билік басында өткізген. Осыған қарамастан, Хосни Мүбарак ықтимал мұрагері туралы айтқан емес және оның есімін атаған емес.