Мысыр уақыптар министрі Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезіне даярлық және өткізу бойынша Қазақстанның бастамасын жоғары бағалайды

КАИР-БІШКЕК. Қаңтардың 30-ы. ҚазАқпарат /Владимир Добровольский/ – Мысыр астанасы – Каирда Қазақстан Республикасының Мысырдағы Елшісі Бақтияр Тасымовтың Мысыр уақыптар (дін істері жөніндегі) министрі М. Закзукпен кездесуі болды. Кездесу барысында діни және теологиялық білім салаларында екіжақты ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Каирдағы қазақстандық дипломатиялық өкілдіктің ақпараты бойынша уақыптар министрі екі ел арасындағы теологиялық білім саласындағы ынтымақтастықтың бірте-бірте дамып отырғанын қанағаттанарлықпен атады. Осыған байланысты ол Қазақстан мен Мысыр арасындағы достықтың және өзара тиімді ынтымақтастық нысандарының бірі Алматы қаласындағы «Нұр-Мүбарак» Ислам мәдени орталығы болып табылатынын атап айтты. М.Закзук Астана қаласында шілденің 1-і мен 2-сі аралығында өткізу жоспарланған Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің ІІІ съезіне мысыр делегациясының қатысатынын растады. Ол сонымен қатар, Жоғарғы имам және Шейх Әл-Азхар Мұхаммед Тантауидің аталмыш форумның жұмысына қатысатынын да хабарлады.
Соңғы жаңалықтар