04:17, 05 Қаңтар 2015 | GMT +5
Мысырда 4,5 мың жыл бұрын жерленген ханшайымның қабірі табылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мысыр билігі осыдан 4,5 мың жыл бұрын, перғауындардың бесінші династиясы тұсында жерленген ханшайымның денесі табылғаны туралы хабар таратты, деп жазады би-би-си.
Қабір сыртындағы жазуларға қарағанда, Ханшайымның есімі Хентакавесс және ол Неферефре перғауынның әпкесі не анасы. Айта кетейік, ежелгі Египедте алғашқы Пирамидалар дәл осы перғауындар әулетінің бесінші және төртінші династиясы билікте болған кезде салынып бастаған.