08:35, 05 Наурыз 2009 | GMT +5
                                        Мысырда адамның құс тұмауын жұқтыруының жаңа оқиғасы анықталды
                                            КАИР.  Наурыздың 5-і. ҚазАқпарат –  Мысырда адамның H5N1  вирусын   жұқтыруының  жаңа оқиғасы  анықталды. 
                                        
                                        
                                     
                                              
                                                     Елдің    Денсаулық  сақтау министрлігінен  хабарлағанындай,   құс тұмауы     Александрия қаласында тұратын  3 жасар    баланың  қанынан  анықталып  отыр.    Мамандардың айтуынша,  бала  вирусты   үй құсынан жұқтырып алса керек,  деп   хабарлайды ҚазАқпарат  «Эхо Москвы» радиостансасына сілтеме  жасап.Қазіргі уақытта бүлдіршін ем-дом қабылдауда. Бұған дейін  Мысырда  қаңтар және ақпан  айларында    құс тұмауының бірнеше  оқиғасы тіркелген болатын. 2006 жылдан бері Мысырда  бұл  аурудан 23  адам қайтыс болды.