Мысырда лаңкес деген күдікпен 26 адам тұтқындалды

АСТАНА. Ақпанның 1-і. ҚазАқпарат - Мысырда «Ислам жихады» экстремистік топқа қатысы бар және туристерге және мемлекеттік мекемелерге қарсы лаңкестік әрекеттер дайындады деген күдікпен 26 адам тұтқындалды,

Мысырда   лаңкес деген күдікпен  26 адам   тұтқындалды

деп хабарлайды «Маяк» радиосы.

Мысырдың мемлекеттік агенттігінің хабарлауынша, күдіктілерден қару-жарақтар, оқ-дәрілер және жарылғыш заттар тәркіленді.

«Ислам жихад» тобы 1970 жылдары пайда болған. Бұл топ 1981 жылы Мысыр президенті Әнуар Садатты өлтірді. Оның бұрынғы жетекшісі Айман әз-Зауахри Усама бен Ладеннің орынбасары болып, топ белсенділері «Әл-Кайеда» тобына қосылған.