Мысырда үш жасар бала өмір бойына бостандығынан айырылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Каирде әскери трибунал 2014 жылғы бүлікке қатысқаны үшін 116 айыпталушыға қатысты үкім шығарды. Барлығы өмір бойына бостандығынан айырылды. Олардың ішінде биыл төрт жасқа келетін бала да бар, деп хабарлады newsru.com.
None
None

Ахмед Мансур Карни есімді баланың қорғаушысы Рамадан Фархат бүлік кезінде ол 1,5 жаста болғанын айтты.

Адвокаттың сөзіне қарағанда, ол қауіпсіздік қызметіне баланың туу туралы куәлігін жолдаған, алайда құжат қабылданбай, іс соттың қарауына берілді. Ахмед Мансур Карни 2012 жылдың қыркүйегінде дүниеге келді, деді Фархат.

2014 жылы 3 қаңтардағы бүлікке қатысқандарға қатысты үкімді әскери трибунал сырттай шығарған.

Осыған ұқсас жағдай 2014 жылы Үндістанда орын алған.

Соңғы жаңалықтар