22:32, 01 Қаңтар 2016 | GMT +5
Мысырда жолаушылар паромы суға кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мысырда Ніл өзені арқылы екі жағадағы ауылдардың арасында жүретін паром төңкеріліп, бірнеше адам суға кетті. Кейбір дерек көздері 14-18 адам қаза тапты деп жазды.

ВВС агенттігінің хабарлауынша, қаза тапқандар арасында 3 баласы бар әйел адам да опат болған.
Апат себептері әлі анықталмады. Оқиға болған мезгілде ауа райы қолайсыз болғаны туралы хабарланды. Жергілікті билік паромға межеден тыс жүк тиеліп, көп адам мінгені туралы болжамды да жоққа шығарған жоқ.
Еске сала кетейік, Каир маңында, Ніл өзінінде 2015 жылдың шілде айында осындай апаттан 30 адам суға кеткен болатын.