15:35, 16 Қыркүйек 2018 | GMT +5
Мысырда жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті - зардап шеккендер бар
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мануфия провинциясы Шпин эль-Комаль-Джадида стансасында жолаушылар пойызы рельстен шығып, соның салдарынан 12 адам зардап шекті.

Бұл туралы Египет денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Халед Муджахедке сілтеме жасап АЗЕРТАДЖ хабарлады.
Ресми өкілдің айтуынша, зардап шеккендерге қажетті медициналық көмек көрсету үшін оқиға орнына 15 жедел жәрдем көлігі келген.
Қазіргі таңда апаттың мән-жайы анықталып жатыр.