13:23, 04 Ақпан 2011 | GMT +5
Мысырда журналистерге бірнеше шабуыл жасалды
АСТАНА. 4 ақпан. ҚазАқпарат - Мысырдан шетелдік журналистерге жаңа шабуылдар жасалып, оларды тұтқындағаны туралы хабарлар келіп түсуде, деп хабарлайды РБК.
Сонымен, алдын-ала жорамал бойынша Мысыр президенті Хосни Мүбәрактың жақтастары Каирдың орталығында грек журналисіне пышақ салады. CNN телекомпаниясының түсіру тобын таяққа жығыпты. Қауіпсіздік күштері Каирде жұмыс істейтін, The New York Times мен Washington Post газеттерінің журналистерін тұтқындап, кейінірек қоя берген. Одан бөлек, шведтік SVT телеарнасының тілшісі ұрланды деген болжам бар, деп ақпарат береді "Азаттық" радиосы.