Мысырдағы жағдайдың салдарынан шипажайларға туристік жолдамалар 100-200 еуроға қымбаттады

АСТАНА. 7 ақпан. ҚазАқпарат- Мысырға саяхаттауға тиым салынуының салдарынан Ресей туристік операторлары өзге шипажайларда демалу бағасын 10-15 пайызға немесе 100-200 еуроға қымбаттатты, деп жазады "Ведомости".
None
None

Мысырдағы бұқаралық үкіметке қарсы тәртіпсіздіктер салдарынан, бір апта бұрын туристік операторлар бұл елге жолдама сатуды тоқтатқанын еске саламыз. Туристерге саяхатты не кештеу мерзімге көшіруге, не өзге елдерге ауыстыруға ұсыныс жасалды.

Дегенмен ауыстыру әлдеқайда қымбаттау. Егер Мысырға бір апталық жолдама отандық демалушыларға 600-700 долларға түсетін болса, БАӘ және Тайланд елдеріне дәл осындай демалыс кем дегенде 1100-1300 доллар шығынды қажет етеді.

Соңғы жаңалықтар