Мюнхенде лаңкестік әрекет қаупінен жабылған екі вокзал жұмысын бастады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мюнхен қаласында жаңажылдық түні лаңкестік әрекет қаупінен жабылып, адамдары қауіпсіз жерге көшірілген екі вокзал өз жұмысын бастады. Бұл туралы Twitter-де қалалық полициядан хабарлады, деп жазады РИА Новости.
None
None

Бұған дейін полицияның лаңкестік шабуылдардың төтенше күрделі қаупінен қалалық бас вокзал мен қаланың батыс бөлігіндегі Пазинг вокзалын жапқаны туралы хабарланған болатын.

«Біз жағдайды бақылап отырмыз», - делінген мюнхендік құқық қорғаушылардың мәлімдемесінде.

Билік шабуылға «Ислам мемлекеті» лаңкестік тобының дайындалып, ол үшін бес-жеті жанкештіні пайдалануды жоспарлағанынан күдіктеніп отыр.

Соңғы жаңалықтар