17:10, 04 Наурыз 2009 | GMT +5
Н.Әшімов ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрі қызметіне тағайындалды
ШЫМКЕНТ. Наурыздың 4-і. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының актив жиналысында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Нұрғали Әшімовтің Қоршаған ортаны қорғау министрі қызметіне тағайындалғанын жеткізді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Нұрғали Сәдуақасұлы Әшімов 1959 жылы қазанның 10-ында Шымкент қарасында туған. Мәскеу экономикалық институтын және аспирантурасын бітірді. Экономика ғылымдарының кандидаты. 1981 жылдан ғылыми, оқытушылық қызметпен айналысты, әртүрлі құрылымдарда әкімшілік жұмыстар жүргізді.2000 жылғы шілдеден ? «Қазтрансгаз» ЖАҚ коммерция және маркетинг жөніндегі вице-президенті. 2000 жылғы қарашадан - «Intergas CentraI Asia» ЖАҚ бас директоры. 2001 жылғы қаңтардан ? «Қазтрансгаз» ЖАҚ президенті. 2002 жылғы қыркүйектен ? ҚР Энергетика және минералдық ресурстар бірінші вице-министрі. 2003 жылғы қарашадан ? Батыс Қазақстан облысының әкімі. 2007 жылғы тамыздан бері Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі қызметін атқарып келді.