Н. Қаппаров ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрі болып тағайындалды

АСТАНА. 11 қараша. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Жамбылұлы Қаппаров Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және су ресурстары министрі болып тағайындалды, Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрі қызметінен босатылды.

Н. Қаппаров ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрі болып тағайындалды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарланды.