Н. Назарбаев Ақтөбеде «CityShoppingCenter» сауда кешенін аралап көрді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбедегі «CityShoppingCenter» сауда кешенінде болды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлайды.
None
None

Нұрсұлтан Назарбаев сауда кешенінің жаңа ғимаратын аралап көрді және өңір кәсіпкерлерімен әңгімелесті.

Елбасы әңгіме барысында шағын және орта бизнесті дамыту елдің экономикалық әл-ауқатының өзегі екеніне тоқталды, сондай-ақ жиналғандарға ойға алған жоспарларын жүзеге асыруда табыс тіледі. Аумағы 7 мың шаршы метрді құрайтын сауда кешенінде 100 орынға арналған зал және 200 орынға арналған мейрамхана бар.

Соңғы жаңалықтар