Н. Назарбаев Астанада әскери-тарихи музейдің ашылуына қатысты (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астанада Ұлттық әскери-патриоттық орталығына барды. Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлағандай, Мемлекет басшысы Қазақстан халқының ежелгі заманнан бүгінге дейінгі әскери дәстүрі мен мәдениетінің даму тарихын таныстыратын сирек әрі бірегей экспонаттар қойылған

Н. Назарбаев Астанада әскери-тарихи музейдің ашылуына қатысты (ФОТО)

Әскери-тарихи музейдің экспозицияларын аралап көрді.

Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев «Жас Ұлан» республикалық мектебінің оқушыларымен кездесті. «Жас Ұлан» - Қазақстан Қарулы күштерінің болашақ жауынгерлері екенін атап өткен ел Президенті курсанттардың оқуда үздік болуына тілектестік білдірді. Мемлекет басшысы Отанды бала кезден сүйіп, ата-бабаларымыз сияқты қорғауға және сақтауға дайын болу керектігін айтты.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы орталықтың Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды.

***

Ғимаратта ел тарихындағы тұңғыш Әскери-тарихи музеймен қатар концерт залы, уақытша көрмелер залы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық оркестрі мен Орталық ансамблі орналасатын болады.