Н.Назарбаев Астанада өткен дискуссиялардың ұсыныс-кеңестерін «G-20» мемлекеттеріне жеткізеді - министр Е.Ыдырысов

АСТАНА. 23 мамыр. ҚазАқпарат - VI Астана экономикалық форумы аясындағы Дағдарысқа қарсы дүниежүзілік конференцияның барлық ұсыныстарын Н.Назарбаев «G-20»-ға жеткізеді. Бұл туралы бүгінгі баспасөз мәслихатында ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов мәлім етті.
None
None

Министр атап көрсеткендей, БҰҰ-ның соңғы сессиясында арнайы резолюция қабылданып, Қазақстанның Дағдарысқа қарсы дүниежүзілік конференцияны өткізу бастамасы мақұлданды. «Осы конференцияның қорытындысы бойынша ұйым нақты іс-шараларды атқаруды жоспарлап отыр. Ал 5-6 қыркүйек күндері Санкт-Петерборда «G-20» кездесуінің өтетіндігін бәрі жақсы біледі. Оған ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев та қатысады. Сол кезде Мемлекет басшысы осы жерде өткен дискуссиялардың ұсыныс-кеңестерін «G-20» мемлекеттеріне жеткізетін болады», деп атап өтті министр.

Соңғы жаңалықтар