Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Н. Назарбаев: Билік пен халықты барынша жақындату керек

АСТАНА. 23 қаңтар. ҚазАқпарат - «Нұр Отан» партиясы объективті ақпараттың тәуелсіз көзі болуы тиіс. Бүгін Ақордада 2012 жылдың қорытындысына және «Қазақстан -2050» стратегиясын жүзеге асыруға арналған кеңейтілген отырыста Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай айтты.

Н. Назарбаев: Билік пен халықты барынша жақындату керек

«Нұр Отан» партиясы алдындағы мақсаттарға тоқталған Елбасы, «барша жерлерде облыс әкімдіктері мен «Нұр Отан» ХДП-ның өңірлік филиалдары жұмысының тиімділігін арттыру керек. Партия кабинеттік жұмыс тәртібінен адамдар проблемаларын білу тұрғысында халыққа қарай баруы керек. Билік пен халық арасын барынша жақындату қажет»,-деп атап өтті Президент.

Осы орайда Мемлекет басшысы партия объективті ақпараттың тәуелсіз көзі болуы тиіс екендігін, яғни жергілікті жерлердегі нақты ахуалды, мемлекеттік органдармен жұмыста азаматтардың өзекті проблемаларын білуі қажет екендігін қадап айтты.