15:00, 01 Желтоқсан 2011 | GMT +5
Н. Назарбаев біздің халқымыз үшін бұрыннан да халық қаһарманы және әрқашанда ел қолдайтын ерекше тұлға - Н. Нығматулин
рат- Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа «Халық қаһарманы» атағын беру туралы бастама жайлы бүгін «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин түсінік берді.

Бұл жайлы «Нұр Отан» ХДП-ның баспасөз қызметі хабарлады.
«Тәуелсіз Қазақстанның 20 жылдық тарихында елімізді қиын-қыстау кезеңнен шығарып, биік асуларға жеткізген ұлы тұлғамыз - ол, әрине, біздің Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Тікелей Елбасының ерен еңбегінің, Елбасының ерлігінің, салиқалы саясатының арқасында біз көптеген қиындықтарды жеңіп, бүкіл әлем таныған абыройлы мемлекетке айналдық. Сондықтан Нұрсұлтан Әбішұлы біздің халқымыз үшін бұрыннан да халық қаһарманы және әрқашанда ел қолдайтын ерекше тұлға екені сөзсіз», - деп атап өтті Н. Нығматулин.