Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Н.Назарбаев Денсаулық сақтау министріне 2011-2015 жылдарға «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөнінде бірқатар нақты тапсырмалар берді

АСТАНА. 24 қаңтар. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекованы қабылдады.

Н.Назарбаев Денсаулық сақтау министріне 2011-2015 жылдарға «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөнінде бірқатар нақты тапсырмалар берді

С. Қайырбекова Мемлекет басшысына Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамыту мен реформалаудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың қорытындылары туралы баяндады, деп хабарлайды ҚР Президентінің баспасөз қызметі.

- Президент Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөнінде бірқатар нақты тапсырмалар берді, - деп атап өтті С. Қайырбекова.