Н.Назарбаев Дін көшбасшылары кеңесінің мүшелеріне Интернетте жастармен адамгершілік проблемалары жайында сұхбатты жалғастыруды ұсынды
АСТАНА. 31 мамыр. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Дін көшбасшылары кеңесінің мүшелеріне Интернетте жастармен адамгершілік проблемалары жайында сұхбатты жалғастыруды ұсынды.
Бүгін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының IV съезінің жабылу салтанатында сөз сөйлеген Мемлекет басшысы діни вакуумның таралуын тежеу және адамзаттың моральдық-адамгершілік құндылықтарының тоқырау қатерін еңсеру қажеттігін атап өтті.
«Бұл жерде біздің жастарымызды жоғары рухани тәрбиелеу барынша маңызды болып табылады. Оларға моральдық өзін-өзі жою қаупінен тұрақты иммунитет сіңіруіміз керек. Сонымен қатар отбасылық дәстүрді және қоғам мен отбасындағы әйелдің рөлін нығайту бойынша мақсатты шаралардың маңызы артып келеді», - деді Елбасы.
Осы орайда Мемлекет басшысы бұл мәселелердің барлығы да съездің арнайы сессияларында жан-жақты талқыланғандығын баса айтты. «Бұл пікірсайысты одан әрі жалғастыруды әрі Діни көшбасшылар кеңесінің бастамасын өткізуді және балаларды, жасөспірімдерді, жастарды, отбасылық құндылықтарды қолдауға тәрбиелеуде адамгершілік проблемалары жайында жеке халықаралық онлайн-конференция өткізуді ұсынамын», - деді ҚР Президенті.