Н.Назарбаев: ЕАЭО болашағы зор екендігіне сенімдімін

«Мен әр уақытта да ТМД зор әлеуетке ие екендігін айтып келемін. Үкімет, мемлекет басшылары кездесуінің өзі, екіжақы және көпжақты келіссөздер өздігінен-ақ зор құндылық, - деді ҚР Мемлекет басшысы.
Дегенмен, Елбасы қазіргі барлық елдер дағдарысты бастан кешіріп отырғанын, жаһандық дағдарыс өз жалғасын тауып отырғанын баса айтты.
«Жекелеген елдерде экспорттық тауарлардың бағасы төмендеуде. Мұның барлығы да бірлескен жұмыс пен кооперацияны талап етеді. Меніңше, егер барлық саяси оқиғалардан көңілді бөліп қарайтын болсақ интеграцияның баламасы жоқ. Бұл түсінікті де. Сондықтан да біз үнемі интеграциялық процестерге бастамашы болып келеміз. Бізде Еуразиялық экономикалық одақ жұмыс істеуде. Мен бұл одақтың болашағы зор екендігіне сенімдімін», - деді Н.Назарбаев.
Мемлекет басшысы бүгінгі күнгі қиындықтарға, тенденцияларға қарамастан одақ алдына жүктелген мақсаттар мен міндеттердің дұрыс екендігін баса айтты.