Н.Назарбаев: ЭКСПО-2017 көрмесіндегі мәдени-думанды шаралар жоспары әлі күнге дейін келісілген жоқ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақордадағы «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне әзірлік мәселелері бойынша кеңес барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев

Н.Назарбаев: ЭКСПО-2017 көрмесіндегі мәдени-думанды шаралар жоспары әлі күнге дейін келісілген жоқ

көрмеде Қазақстанның мәдениетін, тарихы мен дәстүрлерін көрсетудің маңыздылығын айтты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Отандық мәдениет қайраткерлерінің өнер көрсетуіне басымдық беру керек. Мәдени-думанды шаралар көрме аумағында ғана емес, бүкіл қалада өтуі қажет. Музейлер, көрмелер мен театрлар қонақтарды ең жоғары деңгейде қарсы алуға дайын болуы тиіс. Мәдени-думанды шаралар жоспары әлі күнге дейін келісілген жоқ. Барлық мемлекеттік органдардың үйлесімді қызмет еткені керек, осы жұмысты жеделдетуді тапсырамын», - деді Мемлекет басшысы.