Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Н.Назарбаев: Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы қауіпсіздіктің жаңа сәулетін қалыптастыруға белсенді қатысуы керек

; АЛМАТЫ. Сәуірдің 27-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымының төрағасы ретінде жалпы қызығушылықтар үшін әрекетке дайын. Бұл туралы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Алматыда өтіп жатқан IX Еуразиялық медиафорумның ашылу рәсімінде айтты,

Н.Назарбаев: Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы қауіпсіздіктің жаңа сәулетін қалыптастыруға белсенді қатысуы керек

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ЕҚЫҰ саммитін өткізу барлық қатысушы елдер тарапынан қолдау тапты. Бұл жиын 1998 жылғы Ыстамбұлдағы басқосудан кейін 11 жыл бойы өткен жоқ. Біз қазір алдағы кездесуді жоғары деңгейде өткізу үшін бірлесіп күн тәртібін әзірлеп жатырмыз. Онда ең көкейкесті мәселелер талқыланады. Қазақстан ЕҚЫҰ төрағасы ретінде кепілдендірілген мақсаттар аумағымен жалпы қызығушылықтар үшін өзара әрекетке дайын. Оның ішінде байланыстарды ұлғайту және ұйымдардың өзара әрекеттестігі де бар», деді Н. Назарбаев.

Қазақстан Республикасы Президентінің айтуынша, Қазақстан Еуропа тәжірибесі бойынша ынтымақтастық құрылымының жаңа үлгісін іздеп құрады. Соның бірі - Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі.