Н.Назарбаев Франсуа Олландқа Франция Президенті сайлауында жеңіске жетуіне байланысты құттықтау жеделхатын жолдады

АСТАНА. 7 мамыр. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Франсуа Олландқа Франция Республикасының Президенті сайлауында жеңіске жетуіне байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз қызметі. ҚазАқпарат жеделхат мәтінін жариялайды.
None
None

Жоғары Мәртебелі!

Сізді Франция Президенті лауазымына сайлануыңызбен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл жеңіс Франция халқының Сізге және Сіздің ұсынған жоспарларыңызға деген сенімінің айғағы деп санаймын.

Биыл Қазақстан мен Франция тең құқылы, жан-жақты және жемісті ынтымақтастықтың 20 жылдығын атап өтуде. Тәуелсіздігіміздің таңында Франция Президенті Франсуа Миттеран батыс басшыларының бірінші қатарында Қазақстанға ресми сапармен келген болатын. Өзге ядролық мемлекеттермен бірге Қазақстан қауіпсіздігіне кепілдік берген Франция, біздің елге үнемі қолдау көрсетіп келеді.

Бүгінде екі мемлекет арасындағы қарым-қатынастар жоғары сатыға, яғни стратегиялық әріптестік деңгейіне көтеріліп отыр.

Қазақстан мен Франция арасындағы ынтымақтастықтың алдағы уақытта дамуы туралы Сізбен жақын арада жеке кездесу барысында сұхбаттасуға ниеттімін.

Жоғары мемлекеттік міндетті атқаруда Сізге зор табыс пен сәттілік, ал достас француз халқына өрлеу мен өркендеуді тілеймін.

Құрметпен,

Нұрсұлтан Назарбаев

Астана, Ақорда

Соңғы жаңалықтар