Н. Назарбаев газ секторын дамытуға айрықша мән беруді жүктеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Ақордада өткен ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2030 жылға дейінгі газ секторын дамытудың тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырды.

Н. Назарбаев газ секторын дамытуға айрықша мән беруді жүктеді

Осы мәселе бойынша Мемлекет басшысы ҚР Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин мен «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаевқа тыңғылықты жұмыс істеуді тапсырды. Бұл тұрғыда Президент еліміздің газ ресурстарын есептеп, мұнай-газ компанияларымен тиісті жұмыстар атқарып, газды өндіру жолдарын толық зерделеп, оны ел ішінде пайдалану жолдарын қарастыруды тапсырды. «Экономиканы дамыту үшін бұл өте маңызды мәселе. Осы мәселе бойынша Үкіметке ұсыныс енгізіңіздер», - деп түйді. Н. Назарбаев.