Н.Назарбаев ҚМДБ-ға қоғамдағы түйіткілді мәселелерге қатысты шариғатқа сүйеніп, пәтуалар шығарып отыруды жүктеді

АСТАНА. 19 ақпан. ҚазАқпарат - Н.Назарбаев Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қоғамдағы өзекті мәселелерге қатысты шариғат заңдары аясында пәтуалар шығарып отыруды жүктеді.

Н.Назарбаев ҚМДБ-ға қоғамдағы түйіткілді мәселелерге қатысты шариғатқа сүйеніп, пәтуалар шығарып отыруды жүктеді

«Діни басқарма қоғамдағы өзекті мәселелерге қатысты шариғат заңдары аясында пәтуалар шығарып отыруды қолға алуы қажет», - деп атап өтті Астанада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдерімен кездесу өткізген Елбасы.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі Твиттерде жазды.