Н.Назарбаев Қытайдың іскер және қаржылық топтары өкілдерімен кездесті (ФОТО)

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Қытайдың іскер және қаржылық топтары өкілдерімен жұмыс бабында таңертеңгі ас ішіп, оның барысында ҚР мен ҚХР-ның инвестициялық, қаржы-банк және сауда-экономикалық ынтымақтастығын одан әрі дамыту болашағын талқылады.
None
None

Кездесуге «Цинхуа», CITIC Group Huawei Technologies, Sinopec Group, CNPC, China Investment Corporation ірі қытайлық компанияларының, сондай-ақ Қытайдың Мемлекеттік даму банкі, Қытайдың Экспорт-импорт банкі, Азиялық инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің көпжақты уақытша хатшылығы, Жібек жолы қорының, т.б. басшылары қатысқан.

Еске сала кетейік, кеше Н.Назарбаевтың Қытайға жасаған мемлекеттік сапарының аясында оның ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиньмен кездесулері, 12 екіжақты құжатқа қол қою, сондай-ақ үш қытайлық корпорацияның (CNPC, CITIC Group, Qinghua) басшыларымен кездесулері болып өтті.

Сапар 3 қыркүйекке дейін жалғасады. Бүгін ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Кэцянмен кездесу өтеді.

Бейсенбі күні ҚР Президенті қытай халқының жапондық басқыншыларға қарсы күресі соғысындағы Жеңісінің 70 жылдығына арналған салтанатты парадқа қатысады.

Соңғы жаңалықтар