15:12, 16 Ақпан 2016 | GMT +5
Н.Назарбаев: Мұнай бағасы көтерілген соң аспаннан «алтын жауады» деп күту - әбестік
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматыда өтіп жатқан кеңес барысында мұнай бағасы көтерілген соң да аспаннан алтын жауатынын күту әбестік болатынын жеткізді.

«Экономика созылмалы болады дейді сарапшылар. Ертең-ақ, мұнай бағасы көтеріліп, аспаннан алтын жауады деу - әбестік. Мүмкін бұл дұрыс та шығар. Біз әлемдік нарықтық экономика ахуалында өмір сүріп жатырмыз. Экономикада түрлі толқулар болады. Бұл -қалыпты жағдай», - деді Н.Назарбаев.
Мемлекет басшысының айтуынша, әр дағдарыс жаңа бастауларға жол ашады.
«Жаңа сапаға жетуге, технологияларды дамытуға тырысамыз. Осындай маңызды кезеңнің алдында тұрмыз», - деді Н.Назарбаев.
Айта кету керек, бүгін Мемлекет басшысы Алматыдағы Универсиада нысандарын аралады.