Н. Назарбаев пен «Цинхуа» корпорациясының басшысы Қазақстанның көмір өнеркәсібіне корпорацияның қатысуын ұлғайту мәселелерін қарастырды

БЕЙЖІҢ-АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Цинхуа» корпорациясы басқарма төрағасы Хо Цинхуамен кездесті.

Н. Назарбаев пен «Цинхуа» корпорациясының басшысы Қазақстанның көмір өнеркәсібіне  корпорацияның қатысуын ұлғайту мәселелерін қарастырды

Кездесу барысында тараптар энергетика секторының даму перспективаларын, сондай-ақ корпорацияның Қазақстанның көмір өнеркәсібіне қатысуын ұлғайту мәселелерін қарастырды.

Нұрсұлтан Назарбаев «Цинхуа» корпорациясымен бұрын қол жеткізілген уағдаластықтар біздің еліміз үшін серпінді мәні бар екенін айтты.

- Сіздің компания Қазақстанда бірінші рет көмірді кешенді өңдеуден өткізеді. Оның мол қоры бар екенін ескерсек, бұл біздің энергия теңгерімі үшін зор мәнге ие, - деді Мемлекет басшысы.