23:01, 24 Наурыз 2014 | GMT +5
Н.Назарбаев пен Д.Кэмерон екіжақты ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін қарады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлыбританияның Премьер-Министрі Дэвид Кэмеронмен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесуде Дэвид Кэмеронның Қазақстанға сапары кезінде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру барысы талқыланды.
Атап айтқанда, тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық және мұнай-газ салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін қарады.
Нұрсұлтан Назарбаев пен Дэвид Кэмерон сондай-ақ халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелерін қозғады.