Н.Назарбаевтың Бейжіңге сапары «Нұрлы жол» мен «Жібек жолы экономикалық белдеуінің» түйісу фазасына көшкенін білдіреді - Ә.Исекешев

стратегиялық бағдарламаларының түйісу бағыттары туралы баяндады. «Мемлекет басшысының сапары «Нұрлы жол» мен «Жібек жолы экономикалық белдеуінің» түйісу фазасына көшкенін білдіреді», - деді ол ҚХР-дің «Дяоюйтай» мемлекеттік резиденциясында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен қытай корпорациялары басшыларының кездесуінен кейін.
Оның айтуынша, әңгіме үш бағытты қамтып отыр. «Бірінші кезеңде негізінен екі бағыт іске асырылады: транзитті-көліктік дәліздің дамуы және жаңа қазақстандық-қытайлық индустриялық бағдарлама», - деп түсіндірді Ә.Исекешев.
«Көліктік дәліз бойынша бірнеше жобалар жүзеге асқалы отыр: көлік жолдарының және көліктік-логистикалық орталықтардың құрылысы. Бұл Қазақстан үшін үлкен жаңа сала, және бұл жерде Қытаймен ынтымақтастық маңызды орынға ие», - деп атап өтті министр.
Екінші бағыт болып біріккен индустриялық жобалар танылады. «Бұл индустрияландырудың екінші бес жылдығындағы жүктемелер мен басымдықтарға сәйкес келеді. Біздегі жобалардың бірінші тобы 45-ке жуық, оның ішінде 24-імен бүгін 20 млрд доллар сомасына келісім жасау жоспарланып отыр», - деді ол.
Ә.Исекешев екінші бесжылдық басымдығы металлургия, химия, тыңайтқыш өндірісі, машина жасау, көлік, логистика және басқа салалар екенін еске салды. Қазақстанның барлық аймағында жаңа өндіріс ошақтары құрылатын болады. «Бір бөлігі 2015 жылы, бірақ негізгі бөлігі құрылысты 2016-2017 жылдарда бастап, 2018-2019 жылдары аяқталады. Он мыңдаған жаңа жұмыс орны ашылатын болады»,- деп хабарлады.
Министр үшінші басымдықты бағыт ретінде ғылыми қамтымды салалар мен жоғары технологиялар секторындағы ынтымақтастықты атады. «Бұл жерде біз бір-екі бағытта іріктеу мәселесін талқылаймыз. Олар бойынша ғылыми институттар мен жоғары оқу орындары деңгейінде, сонымен қатар бірлескен жаңа өндірістер құру саласында кооперациялар жүргізетін боламыз. Бұл ең жоғары экологиялық талаптарға сай болады. Бұл ең жаңа құрал-жабдықтар мен қосылған құны жоғары өнімдер болмақ. Сондықтан бұл сапардан зор нәтиже күтеміз, келіссөздер табысты жүргізілуде», - деді Ә.Исекешев.
Естеріңізге сала кетейік, Н.Назарбаевтың Қытайға мемлекеттік сапары 3 қыркүйекке дейін жалғасады. Бейсенбі күні Елбасы қытай халқының жапон басқыншыларына қарсы соғыстағы жеңісінің 70 жылдығына арналған салтанатты парадқа қатысады.