Н. Назарбаевтың ТМД-нің жаңа даму тұжырымдамасын жасақтау жөніндегі ұсынысы Достастық саммитінің ең маңызды оқиғасы болды - сарапшы

"Кеше Бурабай кентінде ТМД мемлекет басшыларының кеңесі мен Еуразиялық Экономикалық одақтың Жоғары экономикалық кеңесінің отырысы болды. Бұл оқиға әлемдік экономикадағы ауыр аxуалға және соңғы кезде әлем экономикасында орын алған өзгерістерге тікелей байланысты екендігін атап өткен жөн", - деді М. Мұқанов.
Оның айтуынша, ТМД ұйымы біршама өзгерістердің алдында тұр.
"Осы тұрғыда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ТМД-ны әлемдік өзгерістерге төтеп беруіне арналған жаңа даму тұжырымдамасын жасақтау туралы ұсынысы Бурабайда өткен Достастық саммитінің ең маңызды оқиғасы болды. Бұл бағытта үлкен бастаулар күтіп тұр, олар ұйымның 25 жылдығы қарсаңында аяқталады деп жоспарлануда", - деп атап өтті институт басшысы.
Оның сөзіне қарағанда, ТМД елдері арасындағы қарым-қатынасты, сауда-саттық байланыстарды тереңдете түсетін және жаңа әлеуетті бағыттар бойынша әріптестікті күшейтетін жаңа практикалық құжаттар қабылданды.
Еске сала кетейік, ТМД мемлекет басшыларының кеңесі мен Еуразиялық Экономикалық одақтың Жоғары экономикалық кеңесінің отырысы 16 қазанда Ақмола облысының Бурабай ауылында өткен болатын. Онда Достастық елдері арасындағы қарым-қатынастардың әлеуетті бағыттары пысықталды. ТМД мемлекеттерінің басшылары 17 құжатқа қол қойып, құқық қорғау, табиғи және теxногендік төтенше жағдайлардың салдарларын жою салаларында бірқатар xалықаралық келісімдер жасады. Сонымен бірге 2020 жылға дейінгі әскери ынтымақтастық жөніндегі тұжырымдама, 2016-2020 жылдарға арналған шекараларда қауіпсіздікті күшейту бойынша әріптестік бағдарламасы қабылданды.