Н.Ноғаев: Батыс Қазақстанда ауыл кәсіпкерлерін 3172,8 млн. теңгеге несиелендіру қарастырылған

ОРАЛ. 4 желтоқсан. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында «Өмір сүру сапасы: теңдессіз өсу қарқыны» бойынша әлеуметтік көрсеткіштер жақсарып, халық игілігі үшін бірқатар жұмыстар жүзеге асуда.
None
None

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың сөзіне қарағанда, соның ішінде «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасының бірінші бағыты бойынша 1163 адамның 940-ы немесе  81 пайызы жұмысқа  орналасты.

Бағдарламаның екінші бағыты - «Ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу» бойынша кәсіпкерлікті дамытуға 72,3 млн. теңге бөлініп, 1709 адам  оқытылды.  Ауылда кәсіпкерлікті дамыту үшін несиелендіруге 3172,8 млн. теңге қаралып, 1659 адамға шағын несие берілді, қаржы толықтай игерілді.

Жалпы несие алушылардың ішінен 1556 адам өз ісін ашса, 103 адам алған несиені өз ісін кеңейтуге жұмсады. Олар 1456 жұмыс орнын ашып, 437 адамды жұмыспен қамтыды.

Бағдарламаның үшінші бағыты - «Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру» бойынша облыста Бөрлі ауданы, Бөрлі ауылында салынған 60 пәтерлік тұрғын үйге қоныс аударушыларға 6,2 млн.теңге субсидия төленіп, 269 адамның ішінен 137 еңбекке қабілетті адамдардың 70-і тұрақты жұмысқа орналастырылды, 17 адам оқуға жіберілді.

Бағдарламаның төртінші бағыты - ауылдық елді мекендерді дамыту бойынша облыста 8 жоба жүзеге асырылды, осы жобаларды жүзеге асыру барысында 186 жаңа жұмыс орны ашылды, өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша 11 385 адам жұмыспен қамтылды.

Соңғы жаңалықтар