Н.Саркози Францияда пәранжа киюге тыйым салмақ

АСТАНА. Сәуірдің 22-сі. ҚазАқпарат - Франция Президенті Николя Саркози ел үкіметіне қоғамдық орындарда пәранжа мен никаб киюге тыйым салатын заң жобасын әзірлеуді тапсырды. Бұл туралы Associated Press агенттігі хабарлады.

Н.Саркози  Францияда пәранжа   киюге   тыйым салмақ

Француз Республикасының басшысы, бет-басты тұмшалайтын кез-келген дәстүрлі киімге тыйым салу керек екенін, себебі ондай киімдер қыз-келіншектерді қорлайтынын мәлім етті. Үкіметке қысқа мерзімнің ішінде заң жобасын әзірлеп, мамыр айында оны парламенттің қарауына ұсыну міндеттелді.

Естеріңізге сала кетейік, 2004 жылдан бері Францияда мектептерде пәранжа мен никаб киюге, бұқаралық орындарда діни символикалар ұстауға тыйым салынған.

Дегенмен, бірқатар француз сарапшылары, дәстүрлі мұсылман киімдеріне тыйым салу Франция Конституциясына қайшы екенін айтуда. Оған қоса, бұл бастама елде тұрып жатқан 5 миллион мұсылманның наразылығын туғызуы мүмкін. Пәранжамен жалғыз Франция ғана күресіп жатпағанын айта кету керек. Бельгия Парламенті де пәранжа кигенді 1 жылға дейін түрмеге жабатын заң жобасын қарағалы отыр.