Нью-Йорк конкурсында қазақстандық актер үздік деп танылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық актер Данияр Алшынов «Атбай шайқасы» фильмі үшін Нью-Йоркте өткен IMDb халықаралық байқауында «үздік драма актері» аталымында үздік шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нью-Йорк конкурсында қазақстандық актер үздік деп танылды

Қуанышты хабармен актер Данияр Алшынов Instagram парақшасында бөлісті.

«Жаңа жыл тағы бір халықаралық марапатпен басталды. Бұл жолы Нью-Йоркте, бұл жолы Атбай», - деп жазды актер.

Сонымен қатар ол фильм режиссері Әділхан Ержановқа, Ольга Хлащеваға, серіктестері Динара Бақытбаеваға, Нұрбек Мұқышевке, Санжар Мәдиге, Әсел Садуақасоваға ризашылығын білдіреді.

The best actor award-New York - IMDb халықаралық конкурсы бүкіл әлемде ерекшеленген актер арасында өтетін жыл сайынғы шара саналады. Басты миссиясы - таланттарды мойындап, тәуелсіз киноның үздік актерлерін марапаттау. Жыл бойы төрешілер тек үздік фильмдерді Нью-Йорктегі жыл сайынғы көрсетілім үшін таңдап алады.