Нью-Йорк пен Бостонда рекордтық көлемде қар жауды

НЬЮ-ЙОРК. ҚазАқпарат – Нью-Йорк пен Бостон сынды елдің солтүстік-шығыстағы аймақтарында дауыл соғып, түнде маусымдағы рекордтық көлемде қар жауды, деп хабарлайды ҚазАқпарат AccuWeather-ге сілтеме жасап.
None
Фото:Spencer Platt/Getty Images

Қар көлемі жағынан рекордтар кітабына енбесе де, осы маусымдағы ең қалың қар болды.

Солтүстіктегі Нью-Джерси штатынан оңтүстіктегі Мэн штатына дейінгі аймақ қар құрсауында қалып, жолдағы тәртіпсіздікке ұласты. Бірақ жағдай жол мәселесімен шектеліп қалған жоқ.

Фото:Eduardo MunozAlvarez/VIEWpress

Сейсенбі күні солтүстік-шығыстағы бірнеше аэропорт рейстердің кешігетінін және тоқтатылғанын хабарлады. Flight Aware дерегінше, ең көп рейс, яғни 160-тан аса ұшақ ұшпай қалған әуежай – Нью-Йорктегі Ла-Гуардия әуежайы.

Бостондық Логан халықаралық әуежайы, Джон Ф.Кеннеди атындағы халықаралық әуежай мен Ньюарк Либерти халықаралық әуежайы сейсенбі күні рейстердің айтарлықтай кешігетінін және кейбірінің мүлдем ұшпайтынын мәлімдеді. Джон Ф. Кеннеди әуежайында 400-ден аса кешігу болса, Бостонда 300-ден аса рейс ұшу мезгілінен кешіккен.

Фото:Leonardo Munoz / AFP via Getty Images

Солтүстік-шығыстағы көптеген мектеп пен мекемелер жабылды немесе сейсенбі таңертеңгі қардан кейін ашылуын кейінге қалдырды.

Род-Айленд штатындағы Батыс Гринвичте де 20 сантиметрден асатын қар түскен. Шамамен осындай көлемдегі қар Массачусет штатындағы Плейнфилд қаласы мен Нью-Йорктен бір жарым сағаттық жердегі Честерде, сондай-ақ Коннектикут штатының бірқатар бөлігінде жауған.

Фото:Steven Senne

Метеорологтардың айтуынша, Нью-Йорк, Бостон, Филадельфия мен Вашингтон, Колумбия округі сынды солтүстік-шығыстағы қалаларда қыста мүлдем қар жаумаған. Сол себепті қыстың соңғы күні осы қала тұрғындары үшін ең қарлы күн болды. Мұндай қар кейінгі рет Нью-Йоркте 1998 жылдың 22 наурызында жауған.

Сейсенбі метеорологиялық қыстың соңғы күні екеніне қарамастан, AccuWeather синоптиктері солтүстік-шығыста әлі де қыстың күн райы сақталатынын айтты. Метеорологтар апта соңында жағалауға қалың қар жауып, жергілікті тұрғындар үшін айтарлықтай мәселе тудыратынын айтып отыр.

Фото:Spencer Platt/Getty Images


Соңғы жаңалықтар