Нью-Йоркте БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл кеңесі өтеді
Түркия сонымен бірге, Израильдегі өз елшісін шақыртып алмақ, шабуылға ұшыраған кемелер Түркияның жалауының астында болған, деп хабарлайды «Маяк» радиосы.
10 мың тонна гуманитарлық жүк тиелген және Газа секторына бара жатқан «Бостандық флотилиясын» Израиль әскери әуе күштері өз жағалауынан 70 шақырымдай жерде бейтарап суда басып алғанын әлемдік бұқаралық ақпарат құралдары бұған дейін хабарлаған болатын. Флотилия кемелерінде жалпы есеппен 600-дей адам, оның ішінде 1976 жылғы Нобельдік бейбітшілік сыйлығының лауреаты ирландиялық Мейрид Корриган мен Холокостты бастан кешірген 85 жастағы Хеди Эпштейн болған.
Алты кемеден тұратын флотилияның ең үлкені - Mavi Marmara кемесінде Al Jazeera тілшісі Жамал әл- Шайал болған. Журналист өз репортажында, Израиль күштерімен болған қақтығыста ондаған бейбіт жолаушының жараланғанын хабарлады.
Түрлі мәліметтер бойынша, израилдіктердің шабуылының салдарынан 16-19 адам қаза болған, тағы 30-ға жуық адам жараланған.