Нью-Йоркте газ жарылысынан екі ғимарат опырылып түсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Нью-Йоркте тұрмыстық газ жарылған жерде екінші ғимараттың бір бөлігі опырылып түсті, тағы бір құрылым бұзылғалы тұр.
None
None

Нью-Йоркте тұрғын үйдің қирауынан шамамен 30 адам жапа шекті, деп жазды РИА Новости .

Осыған дейін Манхэттен ауданында болған жарылыс пен өрт салдарынан бес қабатты ғимарат қираған. Соңғы мәліметтерге қарағанда, 12 адам жарақаттанды. Олардың төртеуінің жағдайы ауыр.

Мэр Билл де Блазио осыған дейін мәлім еткендей, жарылыс жұмысшылардың абайсыздық танытып, бірінші қабаттағы газ құбырына зақым келтіруі салдарынан орын алған.

Соңғы жаңалықтар