Нью-Йоркте қуатты жарылыс болды

АСТАНА. Сәуірдің 7-сі. ҚазАқпарат - Нью-Йоркте қала орталығында қуатты жарылыс болды, арнайы қызметтер оқиға болған аудандағы ғимараттардан адамдарды көшірді,
None
None

деп хабарлайды РБК агенттігі американдық бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасап.

Жергілікті өкіметтің мәліметтері бойынша, жарылыс Нью-Йорктің дәл орталығындағы Тайм-сквер алаңының астында орын алған. Оқиға салдарынан жерасты коммуникация люктерінен шыққан от пен түтін маңайды шарпыды. Жарылыстың салдарын жою үшін оқиға орнына өрт сөндірушілер, жөндеу қызметтері жиналды: жерасты коммуникацияларының бір бөлігі істен шықты. Тайм-скверде қазір мамандар жұмыс істеп жатыр, олар жарылыстың себебін анықтауда. Нью-Йорк өкіметі лаңкестік әрекет туралы пайымдауды жоққа шығарды.

Соңғы жаңалықтар