02:03, 15 Шілде 2022 | GMT +5
Нью-Йоркте төрт сағаттың ішінде 5 адамды өлтіріп кетті
НЬЮ-ЙОРК. ҚазАқпарат – Полицияның мәліметінше бар болғаны төрт сағатта Нью-Йорктің әртүрлі аудандарындағы қарулы шабуылдан бес адам қаза тапқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат ABC News басылымына сілтеме жасап.

Нью-Йорк қалалық полициясының мәліметінше, кісі өлтіру оқиғалары шілденің 12-сінен 13-іне қараған түні сағат 21.00 мен түнгі 1-дің арасында болған.
Үш оқиға Бруклиндегі Сайпресс-Хиллз, Браунсвилл және Оушен-Хилл аудандарында және екеуі Бронкстың Фордхэм-Хайтс және Уэйкфилд аудандарында болған.
Зардап шеккендер ауруханаға жөнелтілді, бірақ ешқайсысы аман қалған жоқ. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, атып кеткен күдіктілер әлі анықталған жоқ.
Қаланың соңғы қылмыс статистикасы соңғы жексенбіге дейін Нью-Йоркте 222 кісі өлтіру оқиғасы болғанын көрсетеді.
Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8% аз.