Нью-Йоркте жарылыс жасамақ болды деген күдікпен екі әйел ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Нью-Йоркте Бостон марафоны кезіндегідей жарылыс ұйымдастырмақ болды деген күдікпен екі әйел ұсталды, деп хабарлады Би-Би-Си агенттігі.
None
None

Бруклиндағы федералдық сот Асия Сиддиқи мен Ноэель Веленцасқа полиция, әскери, үкімет ғимараттарын жармақ болды деген айып таққан. Прокуратураның хабарлауынша, әйелдер жасырын агентке жүзеге асырмақ болған пиғылдары туралы айтып қойған. Сиддиқидің адвокаты тағылған айыпқа қарсы екендігін мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар