07:46, 07 Мамыр 2010 | GMT +5
Нью-Йорктегі бұрынғы егіз мұнараға жақын жерде мешіт салынады
АСТАНА. Мамырдың 7-сі. ҚазАқпарат - Нью-Йорктегі 2001 жылы қыркүйектің 11-індегі лаңкестіктің салдарынан жермен-жексен болған Дүниежүзілік сауда орталығының егіз мұнарасына жақын жерде үлкен мешіті бар исламдық мәдени орталығы пайда болады.
Қала өкіметінің хабарлауынша, бұл шешім Манхэттеннің осы ауданында тұратын мұсылмандар үшін салынып отыр. Биіктігі 13 қабатқа жететін мешіт 2001 жылғы лаңкестік кезінде зақымданған нысанға орын тебетін болады. Манхэттенде мұсылман мешіті мен мәдени орталығын құру жобасы 100 миллион долларға бағаланып отыр.
Дегенмен, қыркүйектің 11-індегі лаңкестіктің салдарынан қаза тапқандардың туыстары мен жақындары бұл жоспарға қынжылыстарын білдіріп отырған көрінеді. Осыған орай Америка мұсылмандарының қоғамы мәлімдеме жасап, аталмыш жобаны жүзеге асыру «Батыс пен ислам әлемінің арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға мүмкіндік беретінін» айтып отыр.