18:24, 13 Қаңтар 2010 | GMT +5
Нью-йорктік таксиші жолаушы әйелге ұмыт қалдырған 10 мың долларын қайтарып берді
АСТАНА. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат - Нью-йорктік таксиші қолма-қол 10 мың долларын мәшинеде қалдырып кеткен жолаушы әйелді іздеп тауып және оған ақшасын қайтарып берді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап.
Тегі бангладештік Микуль Асадуззаман туыстарын Рождествомен құттықтау үшін Нью-Йоркке келген итальяндық егде тартқан әйелді Пенсильван вокзалының жанына түсіріп кеткеннен кейін салонда жатқан ақшаны көреді.
Сол күні кешке таксиші ұмытшақ жолаушыны алып кеткен Лонг-Айлендегі үйге екі рет айналып соғады және нәтижесінде оны табады. Жасы 72-дегі Фелиция Леттьери ер адамның бұл ісінен қатты толқиды. Ұсынған сыйақысынан таксишінің бас тартуы мұны айрықша таңғалдырады.
Асадуззаман өзінің әрекетін мүлдем табиғи жағдай деп түсіндіреді және әйелді іздеуге жұмсаған үш сағат уақыты үшін сыйлық алғысы келмейтінін мәлімдеді.