Нан қымбаттамайды

АСТАНА. Ақпанның 6-сы. ҚазАқпарат /Жәмила Сейдәлиева/ - Теңгенің девальвациясы әлеуметтік салаға әсер етпейді. Ұлттық валюта бағамын төмендету Үкіметтің тұрақтандыру жоспарында көзделген халықты әлеуметтік қолдау есебінен өтеледі,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Ең алдымен, бұл көпшілік қолды тауарлардың бағасына қатысты. Өткен жылы мемлекет өндірушілермен әлеуметтік жауапкершілік туралы бірқатар меморандумға қол қойды. Олар отандық экономика үшін күрделі кезеңде бағаны көтермеуге міндеттенді. Бұдан басқа, нақты азық-түлік тағамдары мен жанар-жағармай туралы айтатын болсақ, республикада азық-түлік пен отынның стратегиялық қорлары ұйымдастырылды. Қазақстандық агрокешен де ауыл шаруашылығы өнімдерін арзандатуға күш салып отыр. Тұрақтандыру бағдарламалары ауқымында жылыжай шаруашылығы, көкөніс қоймасы, құс фабрикалары, тауарлы сүт фермалары, бордақылау алаңдары, ет өңдейтін кешендер, агротех-маркеттер желісі құрылады. Оның үстіне теңге арзандағасын мұндай тауарлардың өзіндік құны да төмен болады, біздің фермерлеріміз ішкі нарықты нан, ет, сүт, көкөніс өнімдерімен қамтамасыз етумен қатар өнімдерінің басқа елдерге экспортын да жолға қояды. Еңбекақы, зейнетақы, жәрдемақы - барлық әлеуметтік төлемдер инфляция өсімі ескеріле отырып, ұдайы индекстеледі. 2009 жылы олар 25 пайызға, ал 2010 жылы ? тағы да 25 пайызға ұлғаяды. Бұл әлеуметтік сала қызметкерлері мен халықтың әлжуаз жіктерінің қол жеткен тұрмыс деңгейін сақтауға мүмкіндік береді. Ұлттық валютаның бағамын бірте-бірте төмендету отандық өнеркәсіпті ынталандыруға бағытталған. Ел басшылығы бұл саясатты экономикалық басымдықтар мен халықтың қалың жігінің мүдделерінің ақылға келетін тепе-теңдігін сақтай отырып жүргізеді.
Соңғы жаңалықтар