18:09, 24 Тамыз 2014 | GMT +5
НАНКИН-2014: Қазақстандық боксшы Шалқар Айқынбай финалға өте алмады
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Нанкинде (Қытай) жасөспірімдер Олимпиадасының финалына өте алмады.

Шалқар Айқынбай жартылай финалда 49 келіге дейінгі салмақта қарсыласы әзірбайжандық Руфат Хусейновке 1:2 есебімен есе жіберді.
Дүйсенбі күні, 25 тамызда Ш.Айқынбай «қола» үшін жапондық боксшы Субару Муратамен қолғап түйістіреді.