НАНКИН-2014: Қазақстандық велокоманда бесінші орынға тұрақтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың Нанкин қаласында өтіп жатқан ІІ Жасөспірімдер Олимпиада ойындарында бүгін қазақстандық велокоманда топтық жарыстарға (аралас эстафета) қатысты. Бұл туралы ойындардың ресми сайты хабарлады.
None
None

Отандық велошабандоздар (Татьяна Генелева, Нұрғали Төребеков, Григорий Штейн, Виктория Пастернак) 18 мин. 02 секунд уақыт көрсетіп, бесінші орынға жайғасты.

Бірінші орын - чехтарда, екінші - итальяндықтар, үшінші - украиндар және төртінші орында - жапондар.

Соңғы жаңалықтар