Нариман Курбанов Германиядағы әлем кубогы кезеңінде қола медаль алды

АСТАНА. KAZINFORM – Котбус қаласында (Германия) өтіп жатқан спорттық гимнастикадан 2026 жылдың алғашқы әлем кубогында Қазақстан қоржынына медаль түсті.

Нариман Курбанов Германиядағы әлем кубогы кезеңінде қола медаль алды
Фото: Тұрар Қазанғапов

Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл додада Нариман Курбанов тұтқалы ат снарядындағы жаттығуда қола медаль иеленді. 

Отандасымыз финалда 14.933 балл жинады. Тағы бір отандасымыз Зейнолла Ыдрысов ақтық сында 4-сатыға жайғасты (14.933 ұпай). 

Тұтқалы ат снарядындағы жүлдегерлер:

1. Габриэле Таргетта (Италия) 15.000

2. Мамикон Хачатрян (Армения) 14.966

3. Нариман Курбанов (Қазақстан) 14.933.

Еске сала кетейік, бұған дейін Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровты даярлауға бөлінген қаржы көлемі жарияланғанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар
Референдум